Музей туралы
«АЛЖИР» тұтқын әйелдеріне арналған еске алу тақталары
«АЛЖИР» мұражайының аумағында Отанына қарсы сатқындардың әйелдерінің Ақмола лагерінде жазасын өтеген әртүрлі ұлт өкілдері болған әйелдерге арналған еске алу тақталары мен белгілерінің ашылу шежіресі.
2010 жылғы 31 мамыр
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні мұражай аумағында грузин ұлтының әйелдеріне арналған мемориалдық тақтаны салтанатты түрде ашу рәсімі өтті.
2010 жылғы 31 тамыз
Мұражай аумағында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ерәлі Лұқпанұлы Тоғжановтың қатысуымен поляк ұлтының тұтқын әйелдеріне арналған мемориалдық тақтаны салтанатты түрде ашу рәсімі өтті.
2011 жылғы 15 мамыр
Мұражай аумағында Украина, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Польша, Ресей елшіліктерінің өкілдерінің қатысуымен украин ұлтының тұтқын әйелдеріне арналған мемориалдық тақтаны ашу рәсімі өтті.
2011 жылғы 7 қазан
Мұражай аумағында Литва Республикасының Президенті Даля Грибаускайтенің қатысуымен литва ұлтының әйелдеріне арналған ескерткіш белгіні ашу рәсімі өтті.
2011 жылғы 31 мамыр
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні мұражай аумағында Астана қаласы әкімінің орынбасары Аида Ғалымқызы Балаеваның қатысуымен Әзірбайжанның ҚР-дағы елшілігі әзірбайжан ұлтының тұтқын әйелдеріне арналған ескерткіш белгіні ашты. Іс-шара барысында Әзірбайжан елшісі Зәкір Арифоғлы мұражай қорына әзірбайжан ұлтының 43 тұтқын әйелінің архивтік құжаттарын тапсырды.
2012 жылғы 23 тамыз
Мұражай аумағында Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі неміс ұлтының әйелдеріне арналған мемориалдық тақтаны ашты.
2013 жылғы 30 қазан
Мұражай аумағында Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі «АЛЖИР»-дің корей ұлтының тұтқын әйелдеріне арналған ескерткіш белгіні ашты.
2014 жылғы шілде
Франция елшілігі Қазақстан Республикасында мұражай аумағында «АЛЖИР»-де жазасын өтеген француз әйелдерінің есіне арналған ескерткіш белгі орнатты.
2014 жылғы 25 қыркүйек
Мұражай аумағында Рига қаласының мэрі Нил Ушаковтың қатысуымен Латвияның Қазақстан Республикасындағы елшілігі «АЛЖИР»-де жазасын өтеген латыш әйелдеріне арналған ескерткіш белгіні ашты.
2015 жылғы қазан
Мұражай аумағында Қазақстан Республикасында аккредиттелген Эстония және Армения елшіліктері «АЛЖИР»-де жазасын өтеген эстон әйелдерінің есіне арналған ескерткіш белгілер орнатты.
2016-2017
2017 жылғы 3 шілдеде мұражай аумағында Венгрия мен Корея елшіліктері өкілдерінің қатысуымен «АЛЖИР» тұтқындары, венгр әйелдеріне арналған мемориалдық тақтаны ашу рәсімі өтті. Рәсімде Венгрияның ҚР-дағы Төтенше және өкілетті елшісі Андраш Барани мен мұражай директоры М. А. Оралов сөз сөйледі.
2016 жылғы 4 маусымда мұражай аумағында армян, беларусь және украин этномәдени орталықтарының қатысуымен армян ұлтының әйелдеріне арналған мемориалдық тақтаны ашу рәсімі өтті.
24 мамыр
«АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінің аумағында Израиль мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы елшілігі 1938–1953 жылдары «АЛЖИР»-де жазасын өтеген яһуди әйелдеріне арналған мемориалдық тақтаны ашу рәсімін өткізді.
Рәсімге Израиль мемлекетінің Төтенше және өкілетті елшісі Михаэль Бродский, Астананың Бас раввині Шмуэль Карнаух, Грузия елшісі Зураб Абашидзе және Австрия елшісі Герхард Сайллер қатысты. Іс-шара барысында «АЛЖИР» тұтқындарының құрметіне гүл шоқтары қойылып, бір минут үнсіз тұрылды. Қарлагтың Ақмола бөлімшесінде барлығы 800-ден астам яһуди әйелі жазасын өтеген.